Көкпектіде қалпына келтіру жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпектіде  қалпына келтіру жұмыстары басталды

Көкпектіде қалпына келтіру жұмыстары басталды

Тасқын судың астында қалған Көкпекті енді ғана ес жиып жатыр. Бірақ барынан айрылған халық әлі қапалы. Ал шенеуніктер болса, зардап шегушілердің ешқайсысы далада қалмайды деп уәдені үйіп төгуде. Ал қирандыларды тазартуға Ішкі әскер мен еріктілер тобы жұмылдырылған. Апаттан келген шығын әлі есептеліп біткен жоқ.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бүгін Көкпектіде құтқарушылардың қарасы қалың. Бұлардың барлығы да сансырап қалған қарашаның қажетіне жарасуға келген. Әсіресе, ішкі әскер мен төтенше жағдайлар  қызметінің сарбаздары кешелі бері тыным көрген жоқ.  Қабырғаны бұзып, жарып үйдің төрінен бірақ шыққан күл қоқыс пен дүние-мүлікті тасуға барлығы білек сыбана кірісуде.

Жандос Күлбаев,  сарбаз:  

-Бір үйдің ішіне мұз кіріп кеткен сол мұздарды бөліп, сыртқа шығарып жатырмыз. Осы ауылдың тұрғындары жұмысымыз бітті демегенше біз көмектесуше дайынбыз.

Сарбаздар ұрлық-қарлық болмасы үшін ауылды күні-түні күзетке де алған. Ал Көкпектіге бүгін келген студенттерден құралған ерікті топ та аядай ауылға тарыдай шашырап, қызмет қылуда. Барлығы да жұмсаған жерге жүгіріп, ұсақ түйек шаруаларды тындырып жүр.

Сәуле Өмірбекова Көкпекті ауылының тұрғыны:  

-Бүгін шалымыз екеуміз келіп не істейміз деп жүрсек? Алла мұндай қиыншылықты  көрсетпесін. Мына жас жігіттер мен қыздардың көмегіне үлкен рахмет

Виктор Гергельдің үйіне көмекшілер әзірге жете қоймаған. Сондықтан оның ауласында тасқын әкеп тастаған мына бейтаныс мәшине ағашқа асылып әлі тұр. Қызығы бұл көлікті іздеп келген жан болмапты. Ал  мамандардың мәліметінше тасқыннан 70- ке тарта ірі қара, 250 дей қой ешкі мен 30 шақты шошқа қырылған. Қолдануға жарамсыз болып қалған дүние мүліктің санына әлі ешкім жетіп болатын емес. Тасқыннан қаза болған адамдарды жерлеу рәсімі бүгін ертең жалғасады. 


-Ауылдағы тасқын салдарын жою жұмыстары тағы бір апта бойы жүретін түрі бар. Қазір мұнда 600 адам мен 100-ден  астам техника жұмыс істеуде. Су алған 150 үйдің 20-сы мүлдем жарамсыз. Сондықтан  сол отбасыларға өздерінің еріктеріне қарай не құны төленеді не жаңа баспана тұрғызылады  деп жоспарланып отыр.