Қандай балалардың денсаулығы мықты болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қандай балалардың денсаулығы мықты болады?

Қандай балалардың денсаулығы мықты болады?

Жақында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде

  • 2 Сәуiр 2014
  • 554
Фото - Caravan.kz

теледидар немесе компьютер алдында көп отырмайтын балалардың ұйқысы жақсы қанып, мектептегі үлгерімі телебағдарламаларға уақытын көп бөлетін қатарластарына қарағанда жоғары болатыны анықталды.

«Егер де ата-аналары балаларының теледидар алдындағы уақытын қадағалаған жағдайда, онда жеткіншектер жақсы дамып, ашуланшақ болмайды», — дейді Айова штаты университетінің докторы Дуглас Жентий.

Бұдан бұрынғы зерттеулер барысында теледидарды ұзақ тамашайтын балалар семіздікке жиі шалдығатындығы анықталған еді.


Мұнымен қоса, австралиялық ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде экран алдында уақытының басым бөлігін өткізетін өрендер эмоционалдық тұрғыда шектеулі болатынын, сондай-ақ отбасыдағы жағдайында қиындықтарға жиі тап болатынын мәлім болған еді, деп жазады шетелдік БАҚ.