Көкпекті ауылында 20 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды - Қарағанды облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті ауылында 20 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды - Қарағанды облысы

Көкпекті ауылында 20 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды - Қарағанды облысы

Табиғи апаттан зардап шеккен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында 20 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды, 122 үй жөндеуді қажет етеді.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

  Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала тексерудің қорытындысы осындай.

Қазіргі уақытта табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 926 адам, 146 техника және 15 мотопомп жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ және жергілікті атқарушы органдар пәрменімен су сору және батып кеткен үйлердің жертөлесін тазалау жұмыстары жүргізілуде. 169 үйдің суы кептірілді. 138 үйдің ауласы тазартылды. 160 тонна қоқыс шығарылды. Жолдар жөнделу үстінде.

 «Алдын ала тексеру нәтижесіне қарағанда, 20 үй толықтай қираған және қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ал 122 үйді жөндеу қажет»,-делінген хабарламада. Бүгінгі таңда ауылдағы үш көше ғана жарықсыз, сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты.


 ТЖ салдарын жою жұмыстары Қарағанды облысы әкімінің тікелей бақылауында.