ҚР-да ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақылар 12 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-да ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақылар 12 пайызға өсті

ҚР-да ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақылар 12 пайызға өсті

Ядролық сынақтардан зардап шеккен қазақстандықтарға берілетін жәрдемақылар өсті. Мұндай шаралар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 617
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, «Семей ядролық сынақ полигонын­дағы ядролық сынақтардың салдары­нан зардап шек­кен азаматтарды әлеу­меттік қорғау тура­лы» 1992 жыл­ғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республика­сының Заңына енгізілген өзгерістерде көрсетілген аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін:

төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 1949 — 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966 — 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 1949 — 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966 — 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 1949 — 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966 — 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,79 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

ең төмен радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 1949 — 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш және 1966 — 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтағы аймақ бойынша — 1949 — 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.

Ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы алу құқығын бірінші кезекте зейнеткерлік жасқа толған азаматтар пайдаланады.


Айлық есептік көрсеткіш дегеніміз ядро­лық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш болып табылады.

 «Осы Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемеақы алуға құқығы бар:

төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 2,09 айлық есептік көрсеткіш;

ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша — 1,83 айлық есептік көрсеткіш.».

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар атап айтқанда, бала асырап алуға байланысты 75 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізуді және мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылғанда, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақыларды  2014 жылғы 1 сәуірден 12 пайыз және 2015 жылғы 1 шілдеден — 25 пайыз ұлғайтуды көздейді.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланды.