Доңыз етінен жылына мыңдаған адамдар көз жұмады екен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доңыз етінен жылына мыңдаған адамдар көз жұмады екен

Доңыз етінен жылына мыңдаған адамдар көз жұмады екен

Британия билігінің сарапшылары доңыз еті мен одан дайындалған шұжықтан

  • 2 Сәуiр 2014
  • 576
Фото - Caravan.kz

Е гепатиті жиі шығатынын және оны жұқтырған адамдар жыл сайын мыңдап көз жұмады деп дабыл қағып отыр, деп жазады muslim.kz сайты The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жыл сайын 65000-ға тарта адам жеткілікті деңгейде термикалық өңдеуден өтпеген доңыз етінен әзірленген тағам түрлерінен Е гепатитін жұқтыратынын арнайы жүргізілген зерттеу көрсетті.

Сарапшылар шұжық өнімдерінің 10 пайызынан бауыр ауруын тудыратын әрі аяғы ауыр әйелдерді өлімге апарып соқтыратын қауіпті вирус табылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Елуді еңсерген адамдардың гепатит вирусын жұқтыру қаупі тіпті жоғары. Зерттеу нәтижесінде доңыз етінің 85 пайызында гепатит вирусы болатыны анықталды.