Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«75 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, 12 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі — балалар», — делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, ауруханаға алты адам суық тиіп жатқызылған болатын.
Қазіргі кезде су басқан жерлерден су сорып алынуда.
169 үйден су сорып алынды, 138 үй мен аула тазартылды, 560 тонна қоқыс шығарылды. Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Көкпекті ауылында үш көшені қоспағанда, электр қуаты қалпына келтірілді. Сумен қамту толық жүзеге асуда.
Айта кету керек, кеше, яғни 1 сәуір күні Қарағанды облысының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабы 30 сарбазды зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында жіберілген болатын. Сарбаздар, аймақты қайта калпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ауылды қоқыстан тазалап, ауыл тұрғындарына да көмек көрсетуде.
Сондай-ақ, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының астаналық өкілдігі: " " Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының атынан, су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймаққа қолдан келгенше көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Аймақты қайта қалпына келтіру ісінде шекте қалмай, қолдау көрсетіп, белсене қатысыңыздар!" — деп, әлеуметтік желілерде үндеу тастауда.
су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймаққа қолдан келгенше көмек сұрап, әлеуметтік желілерде үндеу тастауда.



