Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Бредфорд университетінде менеджер мамандығы бойынша білім алған, мемлекеттік саясат магистрі.
«Коммерциялық ұйымдар мен үкіметтік емес секторда басқарушы қызметте тәжірибесі бар. 2008 жылы Білім және ғылым министрінің көмекшісі болған, кейін ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры қызметін атқарды. 2010-2011 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басқарушы қызметте істеді. 2011 жылдан осы кезге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды», — деп атап өтті СҚО әкімі Самат Ескендіров.
Ерлан Әукенов жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жаңа технологиялар, сауда, сыртқы экономикалық байланыс, шекаралас ынтымақтастық, жер қойнауын пайдалануды дамыту бойынша аймақтық бөлімшелердің мәселелеріне жетекшілік етеді.