Қарағанды облысының әкімі мүгедектердің проблемаларын шешуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі мүгедектердің проблемаларын шешуге уәде берді

Қарағанды облысының әкімі мүгедектердің проблемаларын шешуге уәде берді

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев мүгедектермен кездесу өткізді.

  • 11 Мамыр 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасы қызметін де қатар атқаратын Б.Әбдішев партияның Жезқазған қалалық филиалында мүгедектермен кездесті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, партия филиалына азаматтар қабылдауына мүмкіндігі шектеулі алты адам келді. Арбаға таңылған Ғабдұл Қапашев Б.Әбдішевтен өзі тұратын бес қабатты үйде пандустың жоқтығына байланысты проблкманы шешуді сұрады.

«Үйде пандус болмағандықтан бесінші қабатқа шығып, түсу қиын. Ол үшін маған мобильді электр көтергішті жалдауға тура келеді. Бірақ оның шығыны көп. Партия қазір мүгедектердің өмірін жақсартуға бағытталған «Кедергісіз қоғам» атты жоба жүзеге асырып жатқанын білемін. Қолұшын берсеңіздер екен», — дейді Ғ.Қапашев.

Облыс әкімі бес қабатты үйдің тек бір кіреберісіне ғана пандус орнатқан дұрыс емес. Бұл мәселені шешу үшін басқа жол ұсынамын; бесінші қабатта орналасқан пәтерді бірінші қабаттағы алаңы бірдей пәтермен ауыстыруды ұсынамын. Тіпті, пандус болғанның өзінде мүгедек жанға бесінші қабатта өмір сұру қиын болады. Төменгі қабат ыңғайлырақ болар деп ойлаймын», дейді әкім.

Ғ.Қапашев бұл ұсыныспен келісіп, пәтер айырбастауға әкімнің көмектесуін сұрады. Әкім он күн ішінде мәселе шешілетініне уәде берді. Тағы бір арбаға таңылған жан Руслан Малаев жұмысқа орналасуға көмектесуді сұрады. Б.Әбдішев құзырлы орган өкілдеріне оны бос орындармен таныстырып, жұмыспен қамтуға тапсырма берді.


Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы барлық мемлекеттік ұйымдар бос орындар құрды. Атқару билігі үнемі бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, әлеуетті жұмыс берушілермен олардың бетпе бет әңгімелесіп, жұмыс жағдайларын анықтауына жол ашуда. Жоба мүгедектердің өмірін барынша жақсартуға, жұмысқа орналасу және тұрымыстық жағдай мәселелерін шешуге бағытталған.