Балқаш тұрғынынан алты тоннаға жуық балық тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш тұрғынынан алты тоннаға жуық балық тәркіленді

Балқаш тұрғынынан алты тоннаға жуық балық тәркіленді

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғыннан заңсыз ауланған алты тоннаға жуық балық тәркіледі, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіне

  • 11 Мамыр 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz


«Нерест» алдын-алу шарасын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторлары 39 жастағы Балқаш тұрғынының «Фотон» 525 автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонын тексеру кезінде оның ішінен алты тоннаға жуық түрлі балық табылды», — делінген хабарламада.

Ер адамда балықтарға қатысты құжат болмай шыққан. Ауланған балықтың барлығы тәркіленді. Аталған дерек негізінде су жануарларын заңсыз аулауға қатысты ҚР ҚК 287 бабының 2-тармағының «в» пункті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.