Алматы полициясы медициналық мекемелерде «Допинг» шарасын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы медициналық мекемелерде «Допинг» шарасын өткізеді

Алматы полициясы медициналық мекемелерде «Допинг» шарасын өткізеді

Алматыда мамырдың 12-сінен 16-на дейінгі аралықта «Допинг» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Алматы полициясы медициналық мекемелердегі есірткілік, психотроптық, улы заттармен жұмыс ережесінің сақталуын тексермек. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлад

  • 11 Мамыр 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz


«Атап айтқанда, біз мемлекеттік медициналық мекемелердегі есірткілік, психотроптық, улы заттарды пайдалану, тасымалдау, сақтау ережелерінің сақталуын тексеретін боламыз. Біздің бөлімшенің құрамында есірткі заттарының заңды айналымын қадағалайтын арнайы бөлім бар. Көптеген медициналық мекемелерде, дәріханаларда заңмен бекітілген нормалар сақтала бермейді. Бұл қадағалауға жауапты лауазымды тұлғалардың жауапсыздығынан орын алуда. Бұл «қылмыс» деп саналады, әрі ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», — деді қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Азамат Садыров.