«Аңыз адам» журналының бас редакторына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аңыз адам» журналының бас редакторына айыппұл салынды

«Аңыз адам» журналының бас редакторына айыппұл салынды

Жексенбі күні Алматының мамандандырылған аудан аралық әкімшілік соты «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға айыппұл салу туралы шешім шығарды.

  • 11 Мамыр 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz

Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы атынан түскен шағымға сүйенсек, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» және «Жұлдыз-жорамал» журналдарын тексеру барысында аталған басылымдарды басып шығарған баспахана, оның және редакцияның мекен-жайына қатысты мәліметтерден қате табылған.

Тексеру нәтижесі бойынша Ж.Қалыбайға тиесілі үш басылым 120 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.


1 АЕК 1852 теңгеге тең.

Процестен кейін журналистің өзі сот үкімімен келіспейтінін және мұның саяси астары бар деп есептейтінін жеткізді.