Қазақстан құрамасы Германиядан ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы Германиядан ұтылды

Қазақстан құрамасы Германиядан ұтылды

Шайбалы хоккейден  еліміздің  ерлер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы бәсекеде Германиядан ұтылды. «Минск-Арена» мұз айдынында өткен тартысты матчтың негізгі және қосымша уақыты жеңімпазды анықтай алмады. 

  • 12 Мамыр 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

Кездесудің 11- минутында Кевин Даллмэн мен Федор Полищук ұйытқы болған комбинацияны голға асырған Андрей Гаврилин Қазақстанды алға шығарды. Бірақ алғашқы үзіліске  бірер минут қалғанда жерлестеріміз сан соғып қалды. Таблодағы осы нәтиже овертаймда да өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Нәтижесінде буллитке жүгінге  ойында Германияның  жолы болды.  Өз тобындағы келесі матчты Қазақстан құрамасы бүгін  Беларусь хоккейшілерімен өткізеді.

Велоспорт әлеміндегі ең айтулы жарыстардың бірінен саналатын  Джиро Д Италияның екінші кезеңінде неміс шабандозы Марсель Киттель үздік шықты.

Екінші кезеңнің тағдыры мәре алдындағы спринттік бәсекеде шешілді.  Көмбеге өзімен үзеңгі қағыса жеткен Насер Буанни мен Джакомо Ниццолоның алдын орап кеткен Марсель Киттель, 219 шақырымды құраған кезеңінің бас жүлдесін иеленді.  Бұл күні «Астана» велоклубының өкілдері жоғары нәтиже көрсете алмады.   Борут Бозич мәре сызығын 28-қиса,  тікелей  Джиро д Италияға дайындық жасаған дүлдүліміз Микеле Скарпиони 29-орыннан табылды.

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 11- туры өте нәтижелі аяқталды.  Бұл турда есеп ашылмаған матч болған жоқ.  Голдан қар жауған  матчтың бірі Семейде өтті.

«Қайратты» қабылдаған жергілікті «Спартак» , қонақтарды екі рет сан-соқтырғанымен өз қақпасына бақандай бес доп жіберіп алды. Үзіліске дейін терезесі тең ойын көрсеткен алаң иелері, кездесудің еккінші бөлігінде  білгендерінен жаңылды. Онсызда көш соңында келе жатқан «Спартактың» жағдайы енді бұрынғыдан да қиындай түскендей. Осы күні «Тараз» өз алаңында 2:1 есебімен «Ордабасыны»ұтса, «Жетісу» өз көрермендері алдында дәл осындай нәтижемен «Қайсардан» алда болды. Әзірге көш бастап тұрған «Ақтөбенің» екпіні күшті.  Бүгінгі турда ақтөбеліктер  3:0есебімен «Ертісті» қапы қалдырса, олардың ізін алып келе жатқан  «Астана» сырт алаңда «Атырауға» жол берді. Мұндағы есеп 1:0.