"Евровидение-2014" байқауында сақалды қызтеке әнші топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Евровидение-2014" байқауында сақалды қызтеке әнші топ жарды

"Евровидение-2014" байқауында сақалды қызтеке әнші топ жарды

Ұсқынсыз кескіні ме, әлде дауысы ұнады ма, ол жағы белгісіз, бірақ биыл көпшілік жеңімпаз ретінде трансвестит әншіні таңдапты. Кончита Вурст бірден 290 балл жинаған. 25 жастығы Австрия әртісінің шын аты – Том Нойвирт. Жынысын өзгертіп, осыдан 3 жыл бұрын үлкен сахнаға   шыққан. Тіпті өзінің күйеуі де бар екен. Ал «Евровижнге» көйлек киіп, бірақ сақал қоюды өзі ұйғарған. Білетіндердің айтуынша, ол осылайша бала күнінен бері тартқан қорлығын көрсетпек болған. Трансвеститтің жеңіске жетуі - 50 жылдық тарихы бар сайыста тұңғыш рет тіркеліп отыр. Қорытынды есепке сай, Кончитадан кейінгі екінші орын - 238 баллмен голландиялық топқа бұйырса, үшіншісі Швейцария әншісіне берілді.

Фото - Caravan.kz