«Аңыз адам» журналының редакторына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Аңыз адам» журналының редакторына айыппұл салынды

«Аңыз адам» журналының редакторына айыппұл салынды

Журнал мұқабасына Гитлердің суретін қойғаны үшін жауап берді! Бүгін Алматының әкімшілік соты «Аңыз адам» журналына қатысты шешім шығарды. Айыпты деп танылған бас редакторы - Жарылқап Қалыбай енді 220 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

  • 12 Мамыр 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Аңыз адам» журналы өткен айдағы санын Адольф Гитлерге арнаған еді. Бірақ Жеңіс мерекесі қарсаңында басылымды тұтастай фашистрдің көсеміне арнауы, оның үстіне табақтай қып мұқабасына суретін басуы қоғамның қарсылығына ұшарады. Тіпті ашуға мінген ардагерлер журналды өртеуге дейін барған.

Кейін Жарылқап Қалыбай майдангерлерден ресми кешірім сұрағандай болды. Ал бүгін сот бас редакторды Гитлер туралы мақаласы үшін емес, баспахананың мекен-жайын журналда нақты көрсетпегені үшін айыпты деп тапты. Бірақ Қалыбайдың өзі сот шешімін саясатпен байланыстырып отыр.

Жарылқап Қалыбай, «Аңыз адам» журналының бас редакторы:

— Олай бізді «айыпты» деп табуы дұрыс емес. Дүниежүзілік неге барсаңыз да барлық жерде екі де екі — төрт. Бірақ олар бізді сыртымыздан айыпкер санады. 164 бап бойынша сондай құқық бұзушылығы бар деп. Сондықтан бұл саяси сипат алып отырған сот!