Тамақты тауысып жемесеңіз, айыппұл төлейсіз - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамақты тауысып жемесеңіз, айыппұл төлейсіз

Тамақты тауысып жемесеңіз, айыппұл төлейсіз

Сауд Арабиясының Дамам қаласында орналасқан мейрамханалардың бірі тамақты тауыспаған меймандар үшін айыппұл тағайындап отыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

  • 12 Мамыр 2014
  • 238
Фото - Caravan.kz


Мейрамхана әкімшілігі тамақ қалдықтарын азайту үшін және азық-түлікке жұмсалатын қаржыны үнемдеу үшін осындай қадамға барып отыр. Marmar мейрамханасының иесі Фахад Әл Анезидің айтуынша, салынатын айыппұл көлемі табақта қалған тамақ қалдығының мөлшеріне байланысты болып келеді.

Мейрамхана иесінің айтуына қарағанда, мекемеге көбінесе қалталы азаматтар келеді. Өздерінің әлеуметтік жағдайларымен мақтанғысы келген олар үлкен тапсырыстар жасайды. Алайда тапсырыс берген тамақтың көбі желінбей қалады. Ал бұндай жағдай үлкен ысырапшылдыққа алып келмек.