Атырауда мал ұрлаушылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мал ұрлаушылар ұсталды

Атырауда мал ұрлаушылар ұсталды

Атырау облысы Құрманғазы ауданында жарты жыл бойы мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды аймақтық ІІД.

  • 12 Мамыр 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz


«Ұсталған төрт жігіт те Астрахан облысының Сүйіндік ауылының тұрғындары болып келеді. Жарты жыл бойы олар Құрманғазы ауданының тұрғындарының жылқылары мен ірі қара малдарын қолды қылып келген», — деді аймақтық ІІД басшысы Гүлназира Мұхтарова.

Г. Мұхтарованың айтуына қарағанда, ұрылар бір келгенде 2-4 жылқыдан алып кетіп отырып, оларды сойып, сатып отырған. Осылайша жергілікті тұрғындарға миллион теңге көлемінде залал келтірген. Қазірде 10 жылқы мен 1 сиырдың жоғалғаны жайлы мәлім болып отыр, ал ұрланған малдың нақты саны әлі белгісіз. Себебі зардап шегушілердің барлығы әлі полицияға шағымданып үлгерген жоқ, делінген ІІД мәлімдемесінде.