Дубай көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубай көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Дубай көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Біріккен Араб Әмірлігі астанасындағы «Arabian Travel Market-2014» халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның стендін таныстырды.

  • 12 Мамыр 2014
  • 618
Фото - Caravan.kz

Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан барған делегаттар көрмеге қатысушыларды еліміздің туристік мүмкіндіктерінен хабардар етті, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Айтулы іс-шараға туризм индустриясының барлық құрылымдары, атап айтқанда, халықаралық туризм федерациялары, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, туристік және транспорттық агенттіктер мен туроператорлар, қонақ үйлер, сақтандыру компаниялары т.б. қатысты. Сондай-ақ әлемнің 135-тен астам елінен шамамен 20 мыңдай адам келді.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, Қазақстан әлеуетті инвесторлардың қызығушылықтарын оятты. Бірінші кезекте олардың назарына Маңғыстау облысындағы Кендерлі демалыс орны мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қасқасу тау-шаңғысы демалыс орнын дамыту жобасы ілікті. Шара аясында қазақстандықтар шетелдік әріптестерімен туризм саласын дамытуға қатысты келіссөздерге қол қойды, деп жазады strategy2050.kz.