Қазақстанда Перуден жүзім әкелінуіне шектеу енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Перуден жүзім әкелінуіне шектеу енгізілді

Қазақстанда Перуден жүзім әкелінуіне шектеу енгізілді

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен халықтың салауаттылығын  қадағалау  саласындағы федеральдық қызметтің  (Ресейтұтынушылыққадағалау) хатының негізінде құрамында метомил пестициді 0,5 мг/кг дейін (норма 0,05 мг/кг кезінде) рұқсат етілген деңгейден артқан Перуде өндірілген жүзімді әкелуге және өткізуге шектеу енгізді, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

  • 12 Мамыр 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz


Аталған өнім Ресей Федерациясына, Молдова Республикасына, Румынияға, Ұлыбританияға, Бельгияға және Германияға жеткізілген.

Жоғарыда аталған өнімнің республика аумағына әкелінуі мен өткізілуінің үлкен ықтималдығын есепке ала отырып, Агенттік өңірлердегі аумақтық бөлімшелеріне жеміс-жидек өнімдерінің әлеуетті өнім берушілерін хабардар етуге, сондай-ақ халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.