Адам өлтірді деп айыпталған адам Шымкенттен 22 жылдан соң ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлтірді деп айыпталған адам Шымкенттен 22 жылдан соң ұсталды

Адам өлтірді деп айыпталған адам Шымкенттен 22 жылдан соң ұсталды

Атырауға сейсенбіде Шымкенттен адам өлтіргендігі үшін іздеуге берілген 60 жастағы ер адам жеткізілді.

  • 20 Мамыр 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

"Қылмыс жасады, деп айып тағылған ер адамның іздеуге берілгеніне тура 22 жыл болды, ол 1992 жылдың мамыр айында іздеуге берілген болатын", деді  Атырау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Полицияның деректеріне қарағанда, ол осы жылдар бойы Шымкентте шеберханада механик болып істеген. Атырауда әйелі мен төрт баласының болғанына қарамастан, жаңа отбасын құрып, екі қызын тұрмысқа беріп үлгерген.