Сейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, арнайы операция "Допинг" шұғыл-профилактикалық шарасы аясында жүргізілген.
Тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған, одан психотропты заттар санатына жатқызылған "МДМА-Экстазидің" 109 таблеткасы тәркіленді, делінген онда.
Ұсталған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.