Қытайлық интернет пайдаланушылар Қазақстан Президентіне 1000-ға жуық сұрақ қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық интернет пайдаланушылар Қазақстан Президентіне 1000-ға жуық сұрақ қойды

Қытайлық интернет пайдаланушылар Қазақстан Президентіне 1000-ға жуық сұрақ қойды

Мемлекет басшысы Ғаламтор пайдаланушыға «The Chronicle of a Global dialogue: Kazakhstan in the context of global trends» атты өз кітабын сыйлады. 

  • 20 Мамыр 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz


Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Синьхуа» агенттігінде қытайлық ғаламтор аудиториясымен сұхбаттасты.

Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық ғаламтор пайдаланушыларының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің механизмі, оның рөлі мен даму перспективалары туралы, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты мен мәдени-гуманитарлық саласының өркендеуіне қатысты қойылған сауалдарына жауап берді. Мемлекет басшысы екі жақты қарым-қатынасты сөз ете келіп, Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық ықпалдастығын атап өтті.

Конференция барысында сонымен бірге, «Жібек жолы» Экономикалық аймағын» құру бойынша қытай бастамасының барысы жайлы сұрақтар қойылды.

Президенттің өмірлік тәжірибесі, оның саяси мансабының қалыптасуына қатысты сұрақтар да назардан тыс қалмады.

Жалпы онлайн-сұхбаттың барысында 8-ге жуық сұраққа жауап берілді, барлығы 1000-ға жуық сұрақ қойылды.

Сұхбат соңында Елбасы ғаламтор пайдаланушылардың қойған сұрақтарының бәрі де көңілінен шыққанын атап өтті.