2 мыңнан астам кәсіпорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімшарт жасасты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 мыңнан астам кәсіпорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімшарт жасасты

2 мыңнан астам кәсіпорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімшарт жасасты

Қазіргі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімшарт жасасқан кәсіпорындардың саны 2 мыңнан асып отыр.

  • 20 Мамыр 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік қорғаудан — әлеуметтік өрлеуге» атты 3-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Бірығай жинақтаушы зейнетақы қорымен 2 мыңнан астам кәсіпорын келісімшарт жасасып, 150 мыңнан астам жұмысшының жеке зейнетақы есепшоттарына 2,5 млрд. теңге аударылды», — деді министр.

Оның атап өтуінше, зейнетақы жинақтарының артуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың  қаңтарынан бастап, баласы 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан жұмыс істейтін әйелдерге міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.

«Қазіргі уақытта 84 мыңнан астам әйел осы құқықтарын пайдаланып, олардың есепшоттарына республикалық бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге аударылды», — деді Т.Дүйсенова.