«Тараздың орталығындағы төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екі бөлмелі үйдің жатын бөлмесіндегі мүліктен өрт шыққан. Тілсіз жау салдарынан иіс тиіп уланған 88 жастағы пәтер иесі Тараздың №1 қалалық аурузанасына жеткізілді», — делінген облыстың ТЖД хабарламасында.
Бәрін бүлдірген үй иесінің немересі болса керек. Отпен ойнап, үйді өртеп алған. Жалын өрт сөндірушілер келгенше үй иелерінің өз күштерімен сөндірілді.
Жыл басынан бері аймақта түрлі дәрежеде 70-тен астам адамға иіс тиіп уланған, деп нақтылады Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметі.