Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Таратылған хабарламада «Ертіс» клубының директоры Хәлімжан Ержанов пен спорт директоры Болат Ысқақов туралы жазылған. Оларды Х.Ержановтың пәтерінің алдында белгісіз біреулер темір шыбықпен аяусыз ұрып-соққан.
Медицина қызметкерлерінің ақпаратынша, Б.Ысқақовтың бас сүйегі ауыр зақымданған, жағдайы нашар. Полиция тергеу амалдарын жүргізуде, олар әзірге қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Еске сала кетейік, бұл оқиға «Ертіс» командасы мен семейлік футболшылардың кездесуінен кейін орын алған.

