Бұл туралы Еуропалық комиссия вице-президенті Сийм Каллас Киевте бүгін билікті орталықтандыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді.
«Мен бүгін 100 млн еуро мөлшерде Украинаға макроэкономикалық көмектің бірінші бөлігінің төленгенін растайтыныма өте қуаныштымын», — дейді ол.
С.Каллас ЕО Украинаға 1,6 млрд еуро макроэкономикалық көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын еске салды.
Осы көмектің 500 млн еуро мөлшердегі екінші траншын Украина Жоғарғы Рада өзара түсіністік туралы тиісті меморандум ратификациялағаннан кейін алады.