Германияда зейнеткер көшеден 18 мың еуро тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда зейнеткер көшеден 18 мың еуро тауып алды

Германияда зейнеткер көшеден 18 мың еуро тауып алды

Штутгарттық зейнеткер көшеден тауып алған 18 мың еуроны полицияға әкеліп берді.

  • 22 Мамыр 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Есімі аталмаған 66 жастағы ер адам көшеде серуендеп келе жатып, жерде жатқан оралған ақшаны байқаған. Ол бірден полиция бөліміне барып, ақшаны тапсырған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Көп ұзамай құқық қорғау органына көшеде табылған ақшаның заңды иесі хабарласқан. Ол пакетті өзінің автокөлігінің төбесіне қойғанын ұмытып, жүріп кеткен көрінеді.