Сатқындықты көп көрдім. Достыққа сенбеймін - Әйгерім Мамырова - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сатқындықты көп көрдім. Достыққа сенбеймін - Әйгерім Мамырова

Сатқындықты көп көрдім. Достыққа сенбеймін - Әйгерім Мамырова

Әнші Әйгерім Мамырова көп сатқындық көргенін айтты.

  • 30 Маусым
  • 6
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Кешrec” бағдарламасына берген сұхбатында достарынан көңілі қалғанын айтты.

”Мен анама ішімдегі сырымның барлығын айтамын. Ең жақын құрбың кім десе, анам мен жеңгем деп айтамын. Оған өмірде де біраз көзім де жетті, аузым да күйді. Қазақта аузы күйген үрлеп ішеді дейді ғой. Жеңгеммен де өте жақынмын. Анамнан кейінгі төркінім ғой, анама айта алмаған нәрселерді сол кісіге айтамын.

Достықтан сатқындықты көп көрдім. Қазір дос жоқтың қасы. Достыққа сенбеймін. Бала кезден достарым көбіне ер балалар болды. Ер балалардың өзінен сатқындықты көп көрдім. Достыққа өзім сенбеген соң, басқаларға да сенбеңіз деп айтамын. Ертеректе шынайы достық болған шығар. Бірақ заманына қарай адамы. Қазіргі заманда материалдық құндылық жоғары болып кетті. Сен біреуге пайдаң болса ғана керексің. Пайдаң жоқ па, құның да жоқ. Нақты не болғанын айтпай-ақ қояйын”, — дейді ол.