4 жасар баланы құтқарған мысық бейсбол ойынына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 жасар баланы құтқарған мысық бейсбол ойынына қатысты

4 жасар баланы құтқарған мысық бейсбол ойынына қатысты

YouTube жұлдызы - қожайындарының 4 жасар баласын иттен құтқарған Тара есімді мысық алғаш рет көпшіліктің алдына шықты.Оны  жастар арасындағы бейсбол ойынына шақырды. Құрметті қонақ допты ойынға қосты, деп хабарлады  Рейтер. Мысықтың қайсарлығы көрініс тапқан  бейнероликті әлеуметтік желілерде 20 миллионнан астам адам тамашалаған. Онда Тараның 4 жасар Джеремиді көрші үйдегі иттің талауынан қалай құтқарғаны көрсетілген.   Абырой болғанда, бала аман қалды, ал иттің қожайыны оны улап өлтіруге рұқсатын берді.

Бақылау камерасы арқылы түсірілген видеодан ит сәбидің аяғына жармасып, оны сүйреп әкетпек болғанын көруге болады. Алайда, бірер секундтан кейін итке мысық шабуыл жасап, итті қуып жібереді.

  • 22 Мамыр 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz