Қарағандыда балалар үйінде жеті жасар қыз нанға қақалып көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда балалар үйінде жеті жасар қыз нанға қақалып көз жұмды

Қарағандыда балалар үйінде жеті жасар қыз нанға қақалып көз жұмды

Қарағанды облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеті жасар қыз бақытсыз жағдайдың  салдарынан көз жұмды.

  • 22 Мамыр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Аймақтық білім басқармасының хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні болған, қыз бала нанға қақалып қалған көрінеді.

«Бақытсыз жағдай орын алды. Қыздың тамағында аденоидтары болатын. Жоспарлы операция екі аптадан кейін жасалуы тиіс еді. Бірақ, бүлдіршін ол күнге жете алмады», — делінген хабарламада.

Комиссия қорытындысына сүйенсек, асханадан түстеніп шыққан балалар үйінің тәрбиеленушісі бөлмесіне барар жолда тұншыға бастаған көрінеді. Жасанды дем бермек болып жанталасқан мейірбикенің әрекетінен ештеңе өнбепті.


Қазір аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр.