Қазақстанда Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады

Қазақстанда Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады

Қазақстанда БҰҰ Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады. Бұл туралы бүгiн VII Астана экономикалық форумында ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерiндегi аймақтық директоры Владимир Рахманин мәлiм еттi. 

  • 22 Мамыр 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz


Оның сөзiне қарағанда, Қазақстан маңызды ауылшаруашылық державасы болып табылады. Владимир Рахманин Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне уақытша мүшелiк ету құқығы аясында азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселесiн бiрiншi орында ұсынуды жоспарлап отырғаны заңдылық екенiн де атап өттi.

"Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымы Қазақстан үкiметiмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бiз әрiптестiктiң деңгейiне қанағаттанып отырмыз және бұл байланыстарды одан жоғары сатыға, жоғары деңгейiне көтеруге болады. Қазiр соңғы қадам ретiнде Қазақстанда ұйымның кеңсесiн ашу мәселесi талқылануда", — дедi ол.