1,2 млрд $ сомаға келісімдер бекітуді жоспарлауда. Бұл туралы қорғаныс ведомствосының әскери-техникалық саясат департаментінің басшысы Талғат Жанжүменов мәлімдеді.
«Көрме барысында 32-ге жуық түрлі келісімдер, меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылмақ. Тапсырыс қоржыны 1 миллиард 200 миллион доллар деп бағаланған", — дейді ол бүгін Астанада журналистермен кездесуінде.
Т.Жанжүменов бұл тек армиямыздың жекелеген әскери техника үлгілерін сатып алуына байланысты келісімшарттар ғана емес, зауытаралық, халықаралық копперация туралы да сөз болып отырғанын айтады.
«Біз Ресейдегі әріптестерімізбен, еуропалық әріптестерімізбен бірлескен кәсіпорындар , өндірістер құру мәселесін, түрік қорғаныс-өнеркәсіптік кісіпорындармен бірқатар жобаларды қарастырамыз», дейді ол.