дейді ресейлік саясаттанушы, ҰҚКҰ университеттік лиганың атқарушы директоры, профессор Игорь Панарин.
«Шиеленістің Қазақстанға ойысуы мүмкін екенін түсіну қажет. Өйткені бірқатар оппозициялық қазақстандық қозғалыс лидерлері Киевтегі Майданда болып, бүлікке белсене араласты. Меніңше, Қазақстанның ҰҚК бұдан хабардар. Ішкі саяси арандатушылыққа пайдаланылуы мүмкін бұл жәйтті ескерген жөн. Сарапшы, аналитик, саясаттанушы ретіндегі біздің міндетіміз — мұндай әлеуетті ықтималдықты ескеру», деп ол бүгін Астанада «Еуразия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті проблкмалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысы барысында атап көрсетті.
«Қазақстанда қауіпсіздік деңгейін сақтау қажет, өйткені украиндық дағдарыс сипаты тән деуге болады», дейді сарапшы.
"Маған мынадай статистика берді: Қазақстанның 500 азаматы Сирияда жалданушылар ретінде соғысып жүр. 500 дегенің саны жағынан аз Қазақстан үшін тым көп. Содан кейін бұл жалданбалылар қайда барады? Олар әрине, елде іріткі тудыруды ғана көздеп, кері оралады. Бұл сырттан келген қауіп секілді көрінетін ішкі қауіп факторы», — дейді И.Панарин.
Ол Қазақстанның қауіпсіздігі үшін ауған террорлық топтары тарапынан да айтарлықтай қауіп бар деп есептейді.
«Ауғанстанда біз үшін қауіп тудыратын, әрине, тәлібтердің өзі емес, есірткі трафигімен байланысты бандалар мен түрлі террористік топтар. Олар шиеленіс бола қалған жағдайда Орталық Азия аумағына көз тігеді. Бұл аймақ қауіпсіздігі үшін қауіп келтіретін екінші фактор», дейді сарапшы.