Үрімшіде тағы жойқын жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үрімшіде тағы жойқын жарылыс болды

Үрімшіде тағы жойқын жарылыс болды

Үрімшіде тағы лаңкестік шабуыл. Бұл жолы орталық базарда жойқын жарылыс болып, 30 адам қаза тапты. 90 тұрғын жарақат алған. Таңғы сағат сегізде Қытайда нағыз қарбалас екенін ескерсек, қаскөйлер кісі шығынының көп болғанын жоспарлағанға ұқсайды.

  • 23 Мамыр 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz


Куәгерлердің айтуынша, базар ішіне баса-көктеп кірген 2 машина адам ығы-жығы орналасқан аумаққа тоқтаған. Көлік ішінен белгісіз біреулер шығып, адамдарға қарай граната лақтырыпты. Жойқын жарылыстан базардың күлі көкке ұшып, саудагерлер мен қоса осында келген қарапайым тұрғындар қаза тапты. Қытай билігі қанды оқиғаны алдын-ала жоспарланған теракт деп отыр. Айта кетсек, Шыңжаң автономиялық ауданы лаңкестердің нысанасына бірнеше жылдан бері алынып келеді. Өткен айда ғана Үрімшінің теміржол вокзалында болған жарылыстан 3 адам көз жұмып, 79-ы жарақат алған еді. Ол кезде «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» айыпталған болатын. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Үрімші базарындағы қанды оқиғадан көз жұмғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді.