Өскеменде бірнеше қымбат көлік өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде бірнеше қымбат көлік өртеніп кетті

Өскеменде бірнеше қымбат көлік өртеніп кетті

Өскемендегі көлік жөндеу орталығында бірден 9 машина өртеніп кетті. Ескі көліктермен қатар  қымбат маркалы машиналардың күлі ғана қалған. Өрт сөндірушілер олардың жөндеуге жарамайтынын айтуда. Енді қып-қызыл шығынға батқан қала тұрғындарына өтемақыны осы орталықтың қожайыны өз қалтасынан төлеуі тиіс.

  • 23 Мамыр 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz


Қарауыл лапылдаған жалынды таңға жуық байқапты. Жөндеу орталығы алдындағы көлік тұрағынан басталған өрт көзді ашып-жұмғанша күш алған. Өрт сөндірушілер жеткенде бәрі кеш еді. Топтасып тұрған машиналардың түгі қалмай жанып кеткен. Келген шығын көлемі 20 млн теңгеге жуықтайды деген болжам айтылуда. Өрт сөндірушілер қазір бар ақпаратты полицияның қолына табыстады. Олар, көлік тұрағын белгісіз біреулер қасақана өртеген деп отыр.