Тайландта әскерилер экс-премьердің келуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайландта әскерилер экс-премьердің келуін талап етті

Тайландта әскерилер экс-премьердің келуін талап етті

Тайланд билігін басып алған әскерилер экс-премьер Йинглак Чинаватты және оның бірнеше туысқандарын уақытша билікке тез арада келуін талап етті, деп хабарлады rosbalt.ru.

  • 23 Мамыр 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл адамдарды шақыру себептері нақты анықталған жоқ, деп жазады BBC.

Бұған дейін елде төңкеріс жасаған әскерилер коменданттық сағат орнағанын жариялаған болатын. Тайланд қарулы күштерінің ресми өкілі әскери жағдайдағы Ұлттық комитет қауіпсіздікті сақтау мақсатында кім-кімге де 22:00-ден 05:00-ге дейін көшеге шығуға болмайтынын ескерткен.

Естеріңізге сала кетейік, кеше құрлық жаяу әскерінің генералы Прают Чан-Оча елде әскери төңкеріс болғанын хабарлаған болатын.