Сот орындаушыларға осылай деп қарсылық білдірген бір мекеменің есепшісі тіпті борышкердің жалақысы жөнінде жарытып ақпарат бергісі келмей шу шығарды. Қазір қалада заңды белден басқан осындай 3 есепшінің өзі жауапқа тартылып, заң алдында жауап беріп жатыр. Шығыс Қазақстанда бүгінде баласының алдындағы әкелік міндетін орындамай жүргендердің саны жиырма мыңнан асып жығылған. Арасында шетел асып кеткендері де бар. Оларға іздеу жарияланыпты. Сот орындаушылары, қашқындардың үйлерін аралап, мүліктерін тәркілегеннен басқа әзірге қолдан келер қайыр жоқ дейді.
Асхат Жүнісов, ШҚО сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары:
—Есепшілер борышкерлердің жалақысынан алиментті тиісті пайызда ұстамайды. Ұсталған ақшаларды дұрыс аудармайды.