Алматыда тұрғындар ауладағы құрылысқа қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғындар ауладағы құрылысқа қарсы шықты

Алматыда тұрғындар ауладағы құрылысқа қарсы шықты

Алматыда тұрғындар аядай аула ішіне бизнес орталығының салынуына қарсы шықты. Зәулім ғимарат оннан астам көпқабатты тұрғынүйді көгілдір отынмен қамтып отырған орталық газ құбырының үстінен салынғалы жатыр екен. Жұрт, тар ауланың ішінде кеңсе салмақ түгілі айналып жүрудің өзі мұң деп ашынады. Ал құрылысқа рұқсат еткен шенділер бүгін көпшіліктің алдында ештеңеден хабарсыз кейіп танытып, аң-таң болды.

  • 24 Мамыр 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

 Жұрттың бұлайша бас көтеруіне аулаларында басталған құрылыс себеп. Тұрғынүйлер арасындағы алақандай аумақ қазір қоршалып, жұмысшылары дәнекерлеу жұмыстарын бастап та кетіпті. Тұрғындардың үрейін қашырған да сол дәнеукерлеу жұмыстары. Себебі, дау тудырған ғимарат бүкіл ауданды көгілдір отынмен қамтып отырған газ құбырының үстінен салынбақ.

Гүлнар Ахметова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мына жерде газдың құбыры бар. Кеше дәнекерлеру жұмыстарын жүргізді. Мына жерге қақпа қойды. Мен өзім балконнан қарап қорқып қорқып тұрдым. Жарылса біттік қой.

Ал, 5 қабатты бизнес орталығын саламын деп бекінген құрылыс компаниясының басшылығы барлық құжаттың заңды екендігін алға тартты. Айтуынша, ғимаратты салу үшін әкімдіктің рұқсатын алған. Десе де, құжаттарын көпшілікке көрсетуден үзілді кесілді бас тартты.  

— Көрсетіңдер. Кім оған қол қойған. Есімов па, әлде Бостандық ауданы ма?

 Әкімдіктің өкілдерін күтейік деп, құжатын көрсетпей қашқақтаған мердігер жауаптылар келгенше өзі тайып тұрды.Ал, аудан әкімдігінен келген атқамінерлер, құрылыс компаниясының құжаттарын тексеріп, барлық мәселені жуық арада шешеміз деп уәде етті.


Мәди Қыдыров, Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

Бүгін жоқ тұра тұрыңызшы! Бүгін келген кісілер қайда?Мен оларға айтқам «сіздер құрылысты тоқтатыңыздар, халыққа түсіндіруіміз керек заңды ма? Заңсыз ба?»-деп. Заңсыздығын, заңдылығын тексереміз деп.

-Осылайша дау тудырған жер теліміне бизнес орталығын салу қаншалықы заңды екендігін құзырлы орындар тексеруге кірісті. Ал, егер 5 қабатты орталық салынатын болса, жылы судан, көгілдір отыннан, балалар ойнайтын алаң мен көлік тұрағынан қағыламыз деген тұрғындар, қалалық сотқа да, прокуратураға да арызданбақ.