Шенеунік өңірдегі белгілі кәсіпкерге тендерді ұтуға көмектеспек болған. Ал еңбегін 10 мың долларға бағалапты. Алғашында шынымен де пара беруге оқталған кәсіпкер, кейін тендерді шынымен ұтатынына күмәнданып қаржы полициясына хабарласқан. Олар Ратмир Усмановты параны санап алып жатқан жерінде қолға түсірді. Кейін атқамінердің өзі қызмет еткен облыстық әкімдікте бұл былыққа басқа әріптестерінің де қатысы барын жайып салған. Осы айғақ бойынша қазір облыстық Құрылыс басқармасында тексеру жүріп жатыр. Бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық іс те қозғалған.