Союз ТМА-13 М» зымыранының экипажы ғарышқа керік алып ұшпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Союз ТМА-13 М» зымыранының экипажы ғарышқа керік алып ұшпақшы

Союз ТМА-13 М» зымыранының экипажы ғарышқа керік алып ұшпақшы

Байқоңыр ғарыш айлағынан 29 мамырдың түнінде ұшатын халықаралық «Союз ТМА-13М» зымыранының экипажы өздерімен бірге ғарышқа ойыншық керікті бірге алып ұшпақшы.

  • 26 Мамыр 2014
  • 718
Фото - Caravan.kz

«Вести» бағдарламасының журналистеріне берген сұхбаты кезінде зымыран командирі, ресейлік ғарышкер Максим Сураев, салмақсыздық индикаторын таңдау құқы экипаж командиріне жүктелген. Бұл дәстүр бойынша ол жақын туыстары сыйлаған қандай да бір ойыншық немесе тұмарды ғарышқа ала кетуі тиіс. 

«Союза ТМА-15» зымыранының командирі Роман Романенко ұшу сапарында қызының «Смешарика» атты ойыншығын таңдаған екен.

Ресейлік жүзінші ғарышкер Олег Котов салмақсыздық жағдайының басталғанын балалары Дима мен Лера сыйлаған қара мысық арқылы анықтаған. Ғарышкерлер арасында мұндай мысалдар аз емес.

«Бұл жай ғана ойыншық емес. Бұл өте бағалы құрылғы, сондай-ақ салмақсыздықты анықтайтын индикатор қызметін де атқарады. Ойыншық арқылы салмақсыздық жағдайын ауадағы қысымды ерте білуге болады», — деді Максим Сураев.



«Союз ТМА-13М» экипажы құрамында командир Максим Сураев пен бортинженер-астронавт Рид Вайзман және Александр Герс бар 28 мамыр күні Мәскеу уақытымен 23 сағат 56 минутта көкке көтеріледі деп жоспарланған.

2

3