Еуразиялық экономикалық одақта медициналық қызмет ұлттық режім бойынша көрсетілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық экономикалық одақта медициналық қызмет ұлттық режім бойынша көрсетілетін болады

Еуразиялық экономикалық одақта медициналық қызмет ұлттық режім бойынша көрсетілетін болады

Еуразиялық экономикалық одақтағы медициналық қызметтер ұлттық режім бойынша көрсетілетін болады.

  • 26 Мамыр 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартта әлеуметтік блок қамтылған. Онда азаматтарымызды сақтандыру және медициналық қамсыздандыру ұлттық режім бойынша жүргізіледі деп көрсетілген. Мәселен, Белорусь пен Ресейде сізге ол елдерде өз азаматтарына тегін көрсететін медициналық көмек мөлшері қамтамасыз етіледі», — деп Т.Сүлейменов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында атап көрсетті.

Ол еңбек миграциясы үшін үш ел арасындағы бұл келісімшарттың маңыздылығын атап көрсетті.