Кеңес барысында атап өтілгендей, аймақтың белсенді, экологиялық, спорттық, мәдени-танымдық, тарихи туризмді дамыту үшін әлеуеті мен келешегі мол, делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламда.
«Туристік сала айтарлықтай дамымаған, ол маусымдық және шектеулі сипатта. Туризм түрлері бойныша ішкі туризм басым, оның үдесі 90 пайыздан асады және үнемі артуда. Сыртқы туризм небары 7,4 пайызды құрайды», делінген хабарламада.
Туризм өсімі байқалатын және оның дамуы үшін әлеуеті бар негізгі аймақтар Қарағанды, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай ауданы және Балқаш өзені жағалауы болып табылады.
Қарағандыда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеіберінде «Метелица» қонақүй кешенінің құрылысына және «Ақсамал» қонақүй кешенінің ашылуына көмек көрсетілді.
Қарқаралы ауданында 2015-2017 жылдары ұлттық саябақ аумағында бірқатар туризм нысандары құрылмақ. Оның ішінде «Ривьера», Қарқаралы Кемпинг» ЖК «Оразбаев» демалыс аймақтары, «Қарағанды – Авто» және «Қарқаралы» ЖШС демалыс үйлері бар.
Балқаш қаласында туризмді дамыту мақсатында Бертіс мүйісі ауданында орналасқан туристік индустриалдық аймақ тұжырымдамасы әзірленді. Мұнда «Самал», Хачатрян ЖК демалыс аймағы, «Нұр Бақыт» демалыс және дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Жемчужина» қонақүй кешенін салу бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
Приозерск қаласында Балқаш өзені жағалауында «Гранд Құрылыс» ЖШС рекреациялық-сауықтыру демалыс аймағы жобасы жүзеге асырылуда. «Гранит» қонақүй кешенін қайта жөндеу және инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бірқатар туристік жобалар Теміртау, Шахтинск, Абай ауданында жүзеге асрыылуда.
Мұнымен қоса, облыста туристік және транспорттық инфрақұрылымды дамыту, туристер демалатын жерлерде сервис деңгейін арттыру шаралары қабылдануда.
Биылғы жылы 2010-2014 жылдарға арналған туристік индустрияның келешегі мол бағыттарын дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру аяқталуда, облыстағы кәсіпкерлік басқармасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеген 2020 жылға арналған туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар құрылуда.