Алматы облысында мұғалімдер жалақысын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мұғалімдер  жалақысын ала алмай жүр

Алматы облысында мұғалімдер жалақысын ала алмай жүр

Жері қалаға, ғимараты ауылға қарап ақшасыз қалды! Алматы облысында басшылардың қағазбастылығы кесірінен мектеп мұғалімдері жалақысыз отыр. Боралдай кентіндегі мақтаулы гимназияның қызметкерлері сәуірден бері айлық көрмеген. Білім ошағының ұжымына жалақы тұрмақ, зейнетақы қорларына да жарты жылдан бері көк тиын аударылмай келіпті. Бас-басында несиесі бар ұстаздар қауымы банктерге де белшеден қарыз. Салдарынан соңғы қоңыраудан соң сотқа шақырту алды. 

  • 27 Мамыр 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

Күні кеше ғана бұл дәлізде соңғы қоңыраудың үні сыңғырлаған. Мерекелік көңіл-күй енді мұнда мүлде жоқ. Мұғалімнен бастап, еден жуушыға дейін жабырқау.  

Бақыткүл Шәріпова, №39 мектеп-гимназия мұғалімі:

— Ақшамызды неге сонша кешіктіріп жатыр? Мысалы, бір үйде бір-ақ адам жұмыс істейміз. Несие  алғанымыз бар. Әрине, уақытысында бермегеннен кейін несиенің  проценті өсіп кетеді. Бір үйде жалғыз асыраушы. Бала оқытып жатырмыз.

Жалақының кешіктірілуі былай тұрсын, бар ынтасын салып бала оқытқан қауымға жарты жылдан бері зейнетақы төлемдері де аударылмапты. Тіпті біліктілігіне байланысты бірде бір тиын төленбей келген. Қаржыдан қағылған ұстаздар мектеп ішін жөндеу жұмыстарын да бастай алмай отыр. Өйткені әктен бастап, терезе сүртетін сүлгіге дейін өз қаражаттарына сатып аламыз дейді. 

Гүлжамал Кенжеалиева, №39 мектеп-гимназия мұғалімі:


-Жөндеуді  сынып жетекшілері, мұғалімдер біз өзіміз жасаймыз. Сондықтан, енді оған қажетті материалдар сатып алуымыз керек. Айлық түспей жатса, оны қайдан аламыз? 

Гүлжамал Кенжеалиева мына еден төсегішті соңғы 800 теңгесіне сатып алыпты. Жалақысы түссе, тақтасына бояу әкелмек. Айтуынша, мұнда сыныпты жаңарту әрбір ұстазға тапсырылған. Гимназия тұрған аумақ екі ай бұрын қала құрамына кірген екен. Бірақ кейін Боралдайда қалатын болып шешілген. Білім ошағы сөйтіп қайда қарайтынын білмей жүргенде ұстаздардың жалақысы жайына қалса керек. Дегенмен гимназия директоры мен аудандық білім бөліміндегілер 115 мұғалімнің ақшасын бүгін-ертең төлейміз деп ант-су ішіп отыр.     

Гүлнар Ерубаева, №39 мектеп-гимназия директоры:

-Білім бөлімінің бастығы айтып отыр.  Бір күннен кейін алады деп.