16 жастағы қызды асқан қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісіне қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 жастағы қызды асқан қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісіне  қатысты сот басталды

16 жастағы қызды асқан қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісіне қатысты сот басталды

Алматы облысында 35 мың теңге үшін жас қызды өлтірген таксиші ісіне қатысты сот процесі басталды. Бірақ тыңдалым басталмай жатып аяқталатын тәрізді. Себебі айыпты азамат 36 жастағы Виталий Атапин алғашқы сөзінен айнып, Айсұлу Жамбарбекті немере қарындасы күйеуімен бірге өлтірді деп отыр. Яғни ол тек сыбайлас болған көрінеді. 16 жастағы жеткіншектің мәйіті қаңтар айында Боралдай кентінің маңынан табылған еді.

  • 27 Мамыр 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бұл – «16 жастағы Айсұлу Жамбарбекті өлтірді» деп айыпталып отырған азамат Виталий Атапин. Бастапқы тергеу кезінде студентті өзім өлтірдім деп жауап бергенімен, іс сотқа жеткенде онысынан айнып отыр. Айтуынша, қызды таксидің артқы жағында отырған екі туысы өлтірген. Олар – Алена Беребергина мен оның азаматтық некедегі күйеуі Ахмет. Бірақ куәгер ретінде шақыртылған олар мұның барлығын жала деп азар да безер.  

Алена Беребергина, кәугер:

-Ол өтірік айтып отыр. Не үшін бізді меңзеп тұрғанын білмеймін. Керек болса, ол  мені 7 жасымда зорлаған. Ағам бола тұра. Енді, қызды мені өлтірді дейді ғой. Телефонын алды дейді, оны өзі менікімен ауыстырайық деп алып еді.

Ұлының бұл қылмысты неге туыстарына жаба салғанын Атапинің анасы да түсінбейді. 

Наталья Степанова, сотталушының анасы:

-Мен оның анасымын. Ал мыналар маған қарап отырған отбасы. Бірақ неге бұларға жауып отырғанын мен де түсінбедім. Ұлым өзі бұған дейін 3 рет сотталған. Алғашқысында адамды балталап өтірді, кейін кішкентай қыздарды зорлады.

16 жастағы Айсұлу Жамбарбек былтыр 28-ші желтоқсанда жоғалған еді. Ал бір жетіден кейін өлі денесі Алматыдан 20 шақырым жерде табылды. Бақылау камерасы арқылы қолға түскен Виталий Атапин оның денесін қайда лақтырғанын өзі көрсетіп берген. Бірақ енді тыңдалым барысында барлығы өзгеріп шыға келді. Сондықтан марқұмның жақындары істің қайта тергелуін қалайды.


Дәурен Қожағұлов, марқұмның ағасы:

-Істі қайта қарасын. Айыптылар жазалансын. Көліктің артқы орнында біреулердің отыруы анық. Өйткені менің қарындасым таксидің алдына отырмайды.

Атапин сөз арасында қыздың сөмкесіндегі ақша мен телефонды ұрлап алғанын айтып қалды. Тіпті 35 мың теңгенің тең жартысына арақ алып іштім дейді.

— Күдікті Атапин мен оның туыстары берген бүгінгі жауап істі  шатастырып жібергені сонша қос тараптың адвокаттары қайта бастан аяқ тергеуді талап етті. Бірақ соңғы сөз судьяның еншісінде. Сондықтан іс қайта тергеле ме, жоқ па ол ертең мәлім болмақ.