Оңтүстік өңірде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік өңірде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет

Оңтүстік өңірде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет

 27 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана ашық ауа райы сақталады.

  • 27 Мамыр 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысында 15-20 м/с-қа дейін соққан желден шаңды бұрқасын болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі. Ал күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. 

Елдің оңтүстігінде, батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірінің кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.