Алматылық үйлерде қасқырлар жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық үйлерде қасқырлар жүр

Алматылық үйлерде қасқырлар жүр

 Алматыда үйінде қасқыр бағатын тұрғындар саны көбейіп келеді, деп жазады almaty.tv.

  • 27 Мамыр 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz

Көршілерін қауіпсіздік шаралары алаңдатса, жыртқыш иелері үйретілген қасқыр иттен қауіпті емес деген пікірде.

Қасқыр асыраушылардың бірі он алты жастағы Ернар Болатбек «Көксерек» фильмін көрген, әңгімесін де оқыған. Ернар да, бас кейіпкер Құрмаш секілді үйінде түз тағысын бағуды жөн санапты. Қасқырдың жыртқыш екенін біледі, бірақ дегенінен қайтпаған.

Ал ҚР ауыр атлетика федерациясының Президенті Қайрат Тұрлыханов үйіндегі ұрғашы құртқасына еркелетіп «Агуша» деген атау беріпті. Жануардан ештеңесін аямайды. Алма да береді, кәмпит те жегізеді.

«Мен бұл қасқырды көзін ашпай тұрып асырап алдым. Ештеңе жемейтін, сол кезде сүт беретінмін. Алыс жолға шықсам да бір елі қасымнан тастамайтынмын», — дейді Қайрат Тұрлыханов.


Қайрат Болатұлының мақсаты 5 жастағы «Агушаны» бельгиялық овчаркамен будандастырып, шекара, кеден қызметіне арналған кәсіби ит шығару екен.