Донецк халықтық республикасы Украинаға қосылмайды – Жоғарғы кеңес басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецк халықтық республикасы Украинаға қосылмайды – Жоғарғы кеңес басшысы

Донецк халықтық республикасы Украинаға қосылмайды – Жоғарғы кеңес басшысы

Донецк халықтық республикасы Украина федералды мемлекет болған күннің өзінде оған қайтадан қосылмайды.

  • 27 Мамыр 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz


ДХР Жоғарғы кеңесі басшысы Денис Пушилин осылай деп мәлімдеді.

«Ол мүмкін емес. Мұны халық қолдамайды. Билікке жаңадан келген саясаткерлер солай істегісі келуі мүмкін, бірақ, бұл идеяның қолдау табуы екіталай», — деп атап өтті ол «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Д.Пушилин 25-мамырда өткен президент сайлауын заңсыз деп атады. «Көрші мемлекеттің президент сайлауы біздің елде өткізілді, бұл заңға қайшы. Біз Украинаны көрші ел деп білеміз. Қазір Украина заң жүзінде болғанымен, іс жүзінде ондай мемлекет жоқ. Өкінішке орай, Киев, елді осындай жағдайға жеткізген шолақ белсенділер оны құлатты», — деді ДХР жетекшісі.