«Қызылжар» бекеті қызметкерлері қомақты мөлшерде есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қызылжар» бекеті қызметкерлері қомақты мөлшерде есірткі тәркіледі

«Қызылжар» бекеті қызметкерлері қомақты мөлшерде есірткі тәркіледі

Астанада маңындағы «Қызылжар» бекеті қызметкерлері қомақты мөлшерде есірткі тәркіледі.

  • 27 Мамыр 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

Елорда ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі дүйсенбі күні «Тойота» көлігін тоқтатып тексеру барысында табылды. Ол көліктегі 23 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты.

Қарағанды облысында тұратын жас жігіт салмағы 1 келіден астам героинді шалбарының ішіне тығып келе жатқан көрінеді.

Қазір қалалық Есірткі бизнесімен қарсы күрес басқармасы есірткі тасымалдау каналдарын анықтау мақсатында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің елорда аумағында жасалған есірткі қылмыстарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.