Еуразиялық экономикалық одақ аясын кеңейтуге асығудың қажеті жоқ – ҚСЗИ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық экономикалық одақ аясын кеңейтуге асығудың қажеті жоқ – ҚСЗИ басшысы

Еуразиялық экономикалық одақ аясын кеңейтуге асығудың қажеті жоқ – ҚСЗИ басшысы

Еуразиялық экономикалық одақта қауымдастырылған мүшелік жүйесін енгізу қажет.

  • 27 Мамыр 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов мәлім етті.

«Еуразиялық экономикалық одақты кеңейтуге асықпау қажет. Бірлестік аяғынан тік тұрып, нығайып алуы тиіс. Әйтпесе, біз Еуропалық одақтың қатесін қайталаймыз. Бұрын заемның ұжмағы, әлемдік экономика негізі болған ЕО басшылықтың ойсыз әрекеті мен АҚШ-тың итермелеуі салдарынан шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай ойысты. Соңғы кезде ЕО-қа мүше мемлекеттердің көпшілігіндегі сайлауда ұлтшылдар жеңіске жетуде. Енді олар ұйымға бұрынғы кеңес одағы құрамында болған мемлекеттерді қабылдау арқылы ЕО үлкен қателікке ұрынды дей бастады. Еуропаның экономикасы шығыс пен оңтүстік Еуропаның экономикасымен үйлесе алмады. Сондықтан асықпауымыз керек», — деді Б.Сұлтанов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, алдымен «үштіктің» — Қазақстан, Белоруссия мен Ресейдің өзегін дамытып алу қажет. Содан соң өзге елдердің дайындық деңгейіне қарай ұйымға жаңадан мүше қабылдау мәселесін қарастыруға болады.


«Қауымдастырылған мүшелік жүйесін енгізу қажет. ЕАЭО-та Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Иран сынды ұйымды дамытуға оң ықпал ететін өзге де елдер бақылаушы немесе мүше болғаны Қазақстан үшін де, Белоруссия мен Ресей үшін де тиімді болар еді. Бірақ алдымен қауымдастырылған мүшелік негізінде қабылдау қажет», — деп атап өтті ол.

Б.Сұлтанов ЕАЭО пен ЕО арасында еркін сауда-саттық аймағын қалыптастыруды қолдайды.

«Келешегі зор бағыттардың бірі осы», — деп атап өтті ол.