Астаналық бизнесмендер сервис сапасын жақсартуы тиіс – әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық бизнесмендер сервис сапасын жақсартуы тиіс – әкім

Астаналық бизнесмендер сервис сапасын жақсартуы тиіс – әкім

Астана әкімі елордалық бизнесмендерді даңғаза жарнаманы көбейтпей, сервис сапасын жақсартуға шақырды.

  • 27 Мамыр 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

«ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елордағы көптеген туристер келеді. Олар қонақ үйлердің, мейрамханалар мен дәмханалардың қызметін пайдаланады (…) Қызмет түрлері мен тауарларды емес, оның сапасын сату қажет», — деді Иманғали Тасмағамбетов сейсенбі күні қала кәсіпкерлерінің конференциясында.

«Бірнеше жыл бұрын президент Астананың елорда ретіндегі келбеті айқындала бастағанын айтқан болатын. Бірақ, шынымды айтсам, бұл іске шағын және орта бизнес үлес қосса, қала басқа қырынан да жарқырай түсер еді. Мен бұл жерде, сөрелер, ғимараттардың маңдайшаларындағы жазулар мен баннерлерді меңзеп тұрмын», — деді ол.

Әкімнің айтуынша, «қазір жарқыраған баннерлер мен ғимараттардың маңдайшаларынан белгілі бір құрылымдар ұсынып отырған қызметтер немесе тауар түрлері тізіп жазылған даңғаза жазуларды көп кездестіреміз».


Ал, «Еуропадағы жағдай мүлдем басқаша» деді ол. «Терезелер мен сөрелер еуропалық бизнесмендер үшін сатып алушы клиент үшін күресетін негізгі құрал болып табылады» деді И.Тасмағамбетов.