Жастар арасындағы төбелесте бір студент мерт болып, екі оқушысы жарақат алды - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы төбелесте бір студент мерт болып, екі оқушысы жарақат алды - ОҚО

Жастар арасындағы төбелесте бір студент мерт болып, екі оқушысы жарақат алды - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасында болған төбелестер кезінде колледж студенті көз жұмып, жоғарғы сыныптың екі бірдей оқушысы жарақат алды.

  • 27 Мамыр 2014
  • 915
Фото - Caravan.kz

Облыстық полицияның мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, оқиғаның бірі Шардара ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

Полицейлер сол балалармен бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысын қолға түсірді. Аталған қылмыс бойынша «ауыр жарақаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екінші оқиға Кентау қаласында орын алыпты. Осыдан біраз бұрын Кентау қалалық ауруханасына жергілікті колледж студенті жеткізілген болатын. 18 жастағы студенттің басына оқ тиген көрінеді.

«Тексере келе, полицейлер оны төбелес кезінде аталған оқу орнында оқитын студенттің травматикалық карумен жарақаттағанын анықтады. Ол есін жимастан, ауруханада көз жұмды», — дейді С.Қаракөзова.

Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.



Ал Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, ОҚО-ның Шардара қаласында мектеп оқушылары пышақтасқан.

Сөз арасындағы келіспеушілік үлкен жанжалға ұласқан. Жанжал барысында оқушылардың бірі пышаққа жармасады. Салдарынан екі оқушы кеуде және қарын тұсынан пышақ жарақаттарын алған. 1995 және 1996 жылы туған екі жігіт ауруханаға жатқызылды.

Күдіктіні полицейлер жедел іздеу шараларының барысында құрықтады. Ұсталған оқушы 1995 жылы туған және ол да зардап шеккендер оқитын мектептен болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 103-бабы — «Денеге ауыр жарақаттар келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.